ШАХМАРДАН ЕСЕНОВ – ҰЛТ МҮДДЕСІН ҰЛЫҚТАҒАН ҒАЛЫМ
2027 жылы қазақтың көрнекті ғалымы, мемлекет және қоғам қайраткері, академик Шахмардан Есенұлы Есеновтің туғанына 100 жыл толады. Бұл мерейтой тек ғылым саласы үшін ғана емес, бүкіл ел тарихындағы маңызды белес болып табылады. Қазіргі таңда мерейтойды халықаралық деңгейде, соның ішінде UNESCO аясында атап өту мәселесі қарастырылуда. Шахмардан Есенұлы 1927 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол еңбек жолын геолог ретінде бастап, кейін Қазақстандағы геология ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Жас кезінен-ақ білімге құштарлығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленген тұлға небәрі 33 жасында Қазақ КСР Геология министрі болып тағайындалды. Бұл оны Кеңес Одағы тарихындағы ең жас министрлердің біріне айналдырды. Шахмардан Есенов басқарған жылдары Қазақстанның…
