Білім және ғылым

Ғылым және инновация – Қазақстанның дамуының негізі

Ғылым және инновация – Қазақстанның дамуының негізі

Қазіргі әлем күн санап өзгеруде, ал ғылым осы өзгерістерге ілесіп, жаңа белестерді бағындыруда. Қазақстанда ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп, қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. Егер 2018 жылы ғылыми зерттеулерге ЖІӨ-нің 0,12%-ы ғана бөлінсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 1%-ға жетпек. 2024 жылы ғылымға 194,4 млрд теңге бөлінсе, 2025–2026 жылдары қаржыландыру көлемі 509,2 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Осы қолдаудың арқасында ғылыми жобалардың саны да артуда. Біздің университетте 2018 жылы небәрі екі жоба болса, бүгінде 30-дан астам жоба жүзеге асырылуда. Зерттеулер білім, медицина, ауыл шаруашылығы, IT-технологиялар, қоршаған орта сынды салаларды қамтиды. Сонымен қатар, университетіміз өңірдегі «Altyntau Kokshetau» АҚ, «Гормолзавод» ЖШС, «Kaz Rost…
Подробнее
Тағылымдамалар, тұрғын үй және гранттар: Қазақстанда жас ғалымдарды қолдау қалай жүзеге асырылады

Тағылымдамалар, тұрғын үй және гранттар: Қазақстанда жас ғалымдарды қолдау қалай жүзеге асырылады

  «Ғылымды дамыту – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар басымдық. Әсіресе дарынды, қабілетті жастардың ғылыммен айналысуына жағдай жасау өте маңызды», – деп атап өтті Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте. Ғылымды дамыту – Қазақстан үшін басты басымдықтардың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғылыми зерттеулерді қаржыландыру ұлғайтылды, ғылыми ұйымдар жаңғыртылуда, сондай-ақ шетелде тағылымдамалар саны артуда, бұл ғылымды жастар үшін тартымды етеді және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және зерттеу инфрақұрылымын нығайтуға ықпал етеді. Ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 2025-2027 жылдарға 531,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды. Ғылымды дамытуға және сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған заңдар қабылданды. Сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының жоғары ғылыми ұйым түріндегі жаңа мәртебесі анықталды.…
Подробнее
«Жайлы мектеп» — сапалы білім беру мен оқушылардың саулығы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

«Жайлы мектеп» — сапалы білім беру мен оқушылардың саулығы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

«Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды», - Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 460 мың орындық 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы салынды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сай келетін тегін білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бастама жайлы мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, балалардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға ықпал ететін орта қалыптастырады. Жайлы мектептердің көлемі типтік мектептерге қарағанда, 15-20%-ға кең, сондай-ақ техникалық жарақтануы…
Подробнее
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТТАРЫНА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТТАРЫНА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Үкімет жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастырып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады. Оларға мейлінше қолдау көрсету керек. Атап айтқанда, маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейткен жөн», – деп атап өтті. 34 шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік келісімдер жасалды. Бүгінгі таңда елімізде Ұлыбритания, Италия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция және Оңтүстік Кореяның 23 серіктес жоғары оқу орындары жұмыс істейді. 2025 жылы тағы 11 келісімді іске асыру қажет. Шетелдік серіктестік жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттерге арналған 2 090 грант оқуға мемлекет бөлді. Бүгінгі таңда мыңдаған студент 34 мамандық…
Подробнее

Қазақстанда қолданбалы ғылымды қаржыландыру 476,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды

  ✔️ Қолданбалы ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 2024-2026 жылдарға 476,9 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды (оның ішінде бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру – 211 млрд теңге, гранттық қаржыландыру – 198 млрд теңге, коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру – 67,9 млрд теңге). ⚡️ Ғылыми қызметкерлер саны 25,4 мың адамға жетті (өткен жылға қарағанда +13%). ✔️ Жастарды ғылымға тарту мақсатында ҒЖБМ мен «Отбасы банкі» АҚ арасында жас ғалымдарға 2023-2027 жылдарға арналған жеңілдетілген несие беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. «Отбасы банкі» АҚ келісім шеңберінде 2023 жылғы 1 желтоқсанда жас ғалымдарға арналған ипотекалық несие беру бағдарламасын іске қосты. Несиенің ең көп сомасы 20 млн теңгені, қарыз мерзімі –…
Подробнее

Елімізде ректорлық корпустың 50%-дан астамы жаңартылды

📌 Қазақстанда конкурс өткізу арқылы ректорларды тағайындаудың жаңа жүйесі енгізілді. ✔️ Ректорлық корпустың 50%-дан астамы жаңартылды. Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының түлектері, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары арасынан жас басқарушылар келді. Академиялық басымдық орталықтарын құру бойынша шаралар қабылданды. ⚡️ Алдағы уақытта 7 ЖОО базасында Академиялық басымдық орталықтарын құру үшін 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстарға қатысады деп жоспарлануда. Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ базасында инженерлік білім мен ғылымдағы жаңа технологиялардың ғылыми-зерттеу хабын құра отырып, 2022-2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы әзірленді. ✔️ Бес жоғары оқу орнына (М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ,…
Подробнее

QS WUR әлемнің үздік университеттерінің халықаралық рейтингіне қазақстандық 21 ЖОО кірді

  🎓 ЖОО-дары 245-ке жуық бірлескен білім беру және қос дипломдық бағдарламаларды іске асыруда. 📎 Times Higher Education рейтингіне қазақстандық 29 жоғары оқу орны қатысты, оның ішінде 4 жоғары оқу орны тізімнен орын алды. ✔️ Жыл сайын дәріс оқытуға 200 шетелдік ғалымды шақыруға қаражат бөлінеді. Тізілімге 8 мыңнан астам білім беру бағдарламасы енгізілді, оның 57%-ы жаңартылды. ✔️ Цифрлық университеттердің моделі жасалды. 2023 жылдан бастап бұл модель 2 ЖОО: Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында пилоттық режимде іске қосылды. 🔷 Ынтымақтастықты дамыту және оқытудың инновациялық технологияларын қолдану мақсатында Coursera, Huawei Technologies Kazakhstan, Binance Kazakhstan сияқты ірі компаниялармен…
Подробнее

Қазақстанда кадр даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл сайын артып келеді

  ⚡️ Қазақстанда 120 жоғары оқу орны жұмыс істейді, оның ішінде 11 ұлттық ЖОО бар, мемлекеттік ЖОО – 29, азаматтық емес ЖОО – 14, ДББҰ (дербес білім беру ұйымы) – 1, халықаралық – 1, акционерленген – 16 және жекеменшік – 48. ⚡️ Білім алушылар құрамы 642,5 мыңнан астам адамды құрайды, мемлекеттік тапсырыс бойынша 255,6 мыңнан астам студент оқып жатыр. Түлектер саны 182,6 мың адам, оның ішінде бакалавриатта – 157 мың, магистратурада – 21 мың, докторантурада – 1,8 мыңнан астам және резидентурада – 2,1 мыңнан астам адам оқиды. ⚡️ Жалпы профессор-оқытушылар құрамы 37,4 мың адамды құрайды, оның 46,5%-ның ғылыми дәрежесі бар…
Подробнее
Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес келетін: - Ақмола облысында кадрлық тапшылықты құрайтын мамандықтарда оқитын; - әр түрлі спорт түрлерінде жоғары жетістіктері бар студенттер (олимпиадалық спорт түрлері бойынша республикалық және/немесе халықаралық чемпионаттарда жүлделі орын алғандар немесе олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша халықаралық чемпионаттарда жүлделі орын алғандар), Ақмола облысының атынан қатысатындарға білдіреді. *Құжаттар 2024 жылдың 10 қыркүйегінен бастап - 10-шы қазанға дейін (қоса алғанда) қабылданады.* Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға қойылатын талаптар, сонымен бірге тапшы мамандықтар тізімі Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының…
Подробнее