Ақмола облысына 2 миллионға жуық адам саяхаттап келді
Ақмола облысына 2 миллионға жуық адам саяхаттап келді Өткен жылы Ақмола облысына келетін туристер саны айтарлықтай артты. Жыл қорытындысы бойынша өңірге 1,6 миллион адам саяхаттап келген. Көкшетаудың көркем табиғаты, қарағайлы ормандар мен мөлдір көлдерге толы Бурабай аймағы өңірді демалу мен тынығудың ең танымал бағыттарының біріне айналдырып отыр. Туристер енді бір күндік сапармен шектелмей, табиғат аясында бірнеше күн демалуды жөн көруде. Өткен жылы қонақ үйлер мен демалыс орындарында бір тәуліктен артық тоқтаған адамдар саны 530 мыңға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға артты. Бұл өңірдің тыныштық пен таза ауаны іздеген жандар үшін қолайлы мекенге айналғанын көрсетеді. Туристер ағынының көбеюі қонақ үйлер…
