Астрахан ауданында су тасқынына қарсы дайындық жүруде
Астрахан ауданында көктемгі су тасқыны қаупіне қарсы ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы су тасқыны кезінде 62 тұрғын үй зардап шеккенін ескере отырып, биыл қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Биылғы жылға дайындық аясында инженерлік қорғаныс нысандары жаңартылып, материалдық-техникалық база нығайтылды. Бұл туралы брифинг барысында аудан әкімінің орынбасары Руслан Мұқанов мәлімдеді. Аудан әкімінің орынбасары атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды: «Өткен жылғы тәжірибе бізге үлкен сабақ болды. Биыл біз су тасқынының алдын алу үшін барлық ресурсты толық жұмылдырып отырмыз. Су тасқыны қаупі бар ауылдарда өзен арналары тазартылып, дамбалар күшейтілді, жол бойлары бекітілді. Негізгі мақсат – халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – деді ол. Мамандардың…
