Ақмола облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту саласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді
Ақмола облысында әлеуметтік қолдау мен жұмыспен қамту саласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Өңірде қарттар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және аз қамтылған отбасыларды қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы брифингте Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен. Оның айтуынша, жыл сайын қазан айында облыс көлемінде қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға арналған әлеуметтік қолдау айлығы өткізіледі. Бұл бастама қоғамда қамқорлық пен құрмет құндылықтарын нығайтуға, сондай-ақ егде жастағы адамдардың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Қазір облыста 131 мыңнан астам зейнеткер, 29 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам, бір Ұлы Отан соғысының ардагері және 1200-ден астам…
