Көлеңкелі экономикамен күрес: заңсыз алтын айналымы бақылауда
Ақмола облысында көлеңкелі экономикамен, соның ішінде қымбат металдардың заңсыз айналымымен күрес жұмыстары белсенді жүргізілуде. Қаржылық мониторинг агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелері әлеуметтік-экономикалық жағдайды үнемі талдап, заңсыз әрекеттерге ықпал ететін факторларды анықтап, қылмыстық схемаларды әшкерелеуде. Осы бағыттағы жұмыстар туралы Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Сәкен Мушағалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында айтып берді. Соңғы бір жарым жылда өңірде алтын өндірумен, сатып алумен және аффинирленген алтын мен алтын бұйымдарын сатумен айналысқан төрт қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Олардың үшеуі тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ ретінде жұмыс істесе, біреуі ірі қылмыстық ұйымның құрамына кірген. «Жедел іс-шаралар барысында 68 миллион теңгеге бағаланған екі келіден…