Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында тамақтан уланудан қорғану шаралары
Мереке күндері тамақтан уланудың алдын алу шаралары жайлы Ақмола облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінін басшысы Айнагүл Мусина журналистермен өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Жыл басынан бері Ақмола облысында тамақтан уланудың үш жағдайы тіркелді. Одан 34 адам уланса, оның 25 бала. Алғашқы оқиға мамыр айында орын алған, Қосшы қаласындағы кондитерлік цехтың өнімдерін тұтынған 12 адам, оның ішінде 5 бала, сальмонеллез ауруына шалдықты. Екінші жағдай маусым айында «Тұмар» демалыс базасында болды. Щучинск қаласындағы демалыс орнында балалар арасында тағамдық токсикоинфекция тіркелді. Үшінші жағдай шілде айында Сарыбұлак ауылындағы шатырлы лагерьде болды, мұнда 5 спортшы уланды. «Әрбір тамақтан улану оқиғасы бойынша жоспардан тыс…
