Ақмола облысында интернет-алаяқтыққа қарсы шаралар күшейтілді
Бүгінде интернет-алаяқтық қоғамдағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Ақмола облысында да бұл бағытқа қарсы қабылданып жатқан шаралар брифинг барысында киберқылмыстың алдын алу басқармасының аға жедел уәкілі Бекзат Назарова мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен. Маманның айтуынша, полиция департаменті тарапынан киберқылмыстардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілгенімен, азаматтардың сенгіштігі алаяқтардың оңай олжа табуына мүмкіндік беріп отыр. Жыл басынан бері облыс аумағында интернет-алаяқтықтың 964 фактісі тіркелген. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, білім саласының қызметкерлері, сондай-ақ жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жиі зардап шегуде. «Алаяқтар түрлі айла-тәсілдерді қолданады. Кейде олар өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, жалған қауіп туралы айтып, азаматтарды өз мәліметтерін…
