Жаңа Конституция жобасына аға буын үшін маңызды нормалар енді – Бақтығожа Ізмұхамбетов
Мәжіліс депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтығожа Ізмұхамбетов жаңа Конституция жобасына егде адамдарға қатысты қандай маңызды нормалар енгенін айтып берді. «Жаңа Конститутция жобасында әрбір азаматқа жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне, жасына, науқастануына немесе мүгедектігіне байланысты әлеуметтік қамсыздандыруға тікелей кепілдік берілген. Сонымен бірге, мемлекет әлеуметтік қамсыздандырудың және қайрымдылықтың түрлі нысандарын дамытуға жәрдемдесу міндетін алып отыр, бұл егде жастағы адамдар үшін қосымша қауіпсіздік береді», – деді Бақтығожа Ізмұхамбетов Конституциялық комиссия X отырысында. Констуцияның жаңа жобасында Преамбулаға тарихи-мәдени мұраны сақтау мен ұлттық мәдениетті қолдау − мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаларының бірі деген тұжырым енгізілді. Осылайша ел болашағын қалыптастыруда, ең алдымен жинақталған…
