Қазақстан Республикасының Конституциясы – ел еркіндігінің басты құжаты!
Қазақстан Республикасының Конституциясы – ел тағдыры мен болашағын айқындайтын басты құжат. Болашақ бұл - жас ұрпақ, өскелең жастар. Ал жас өрендердің туған Отанында білім алу құқығы туралы жаңа Конституция жобасында айқын көрсетілген. Жаңа Контитуция жобасының II тарауының 33-бабында әрбір Қазақстан азаматының білім алу құқығы жайында анық айтылған. «Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында бастауыш және орта білім алуға кепілдік беріледі. Бастауыш және орта білім міндетті болып табылады» - деп Конституция жобасында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының бастауыш және орта мектеп жасындағы кез-келген бала бастауыш және орта білім алуға құқылы екендігі көрсетілген. Сонымен қоса, аталмыш баптың келесі тармақшаларында: «Қазақстан Республикасының азаматы заңға сәйкес…
