Жаңа нысандар мен инвестициялар: Көкшетау қалай өзгеруде
Көкшетауда биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында экономика мен әлеуметтік салада оң динамика сақталды. Қалаға тартылған инвестиция көлемі мен құрылыс жұмыстарының қарқыны артып, жалақы деңгейі өсті. Сонымен қатар тұрғындар үшін маңызды нысандардың құрылысы мен жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеев мәлімдеді. Алты айдың қорытындысы бойынша қала экономикасына 70 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылған. Оның басым бөлігі – 94 пайыздан астамы жеке бизнеске тиесілі. «Бүгінде Көкшетаудың экономикалық өсімінің негізгі факторларының бірі – бизнестің белсенді қатысуы. Жеке инвестициялардың үлесі 94 пайыздан асып отыр. Бұл қаланың инвестициялық тартымдылығы сақталып отырғанын көрсетеді», – деді Әнуар…
