Азаматтардың 86,9%-ы Президентке сенім білдіреді – әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері
2026 жылғы 17 шілдеде Қазақстандық қоғамдық даму институты «2026 жылғы электоралдық ландшафт және сайлау тенденциялары: қоғам не күтеді» тақырыбында «Sarap» сарапшылар клубының отырысын өткізді. Кездесу барысында ҚҚДИ жүргізген екі әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелері таныстырылды. Зерттеулер электоралдық кезеңнің қоғамдық бірлік, оптимизм және мемлекеттік институттарға деген тұрақты сенім жағдайында басталғанын көрсетті. 📌 Негізгі нәтижелер: • Азаматтардың 84,1%-ы елдегі қоғамдық-саяси ахуалды қолайлы немесе тұрақты деп бағалайды. • 88,5% өз көңіл күйін жақсы немесе бірқалыпты деп бағаласа, өмірге қанағаттану деңгейі 85,8%-ға жеткен. • Респонденттердің 50,5%-ы соңғы бір жылда отбасының материалдық жағдайы жақсарғанын айтқан, ал 60,1%-ы алдағы жылы оң өзгерістер күтеді. • 18–28 жас аралығындағы…
