Тұрақты экономикалық өсім, мемлекеттік институттар сапасы және тұрақтылық — Қазақстанның артықшылығы
Тақауда ғана мемлекеттер инвестиция тарту үшін арзан жұмыс күші, салықтық жеңілдіктер және табиғи ресурстарға қолжетімді етумен бәсекелесетін. Қазіргі тәртіп өзгеше. Бизнес пандемия, геосаяси дағдарыстар, сондай-ақ жаһандық жеткізу тізбектерінің қайта құрылуы, технологиялық бәсекенің күшеюінен кейін кеңірек ойлана бастады. Енді инвесторларға күтілетін пайда ғана емес, мемлекеттік институттардың сапасы, экономикалық саясаттың болжамдылығы және елдің ұзақ мерзімді тұрақтылықты сақтай алу әлеуеті маңызды. Сенім жаңа экономикалық капиталға айналды. Қаржы тарту құнына, ірі жобалардың іске қосылу мерзімі, халықаралық компаниялардың жаңа өндіріс ашуға дайындығы және инвестициялық тәуекел деңгейіне әсер ететіні де осылар. Алдыңғы сатыға басқару сапасы, шешім қабылдау шапшаңдығы және мемлекеттік саясаттың жүйелілігі шығады. Мақала авторлары…
