15 наурызда өтетін республикалық референдумды дайындау және өткізу мәселелеріне арналған оқыту семинары өтті
Жуырда аудандық Мәдениет үйінде облыстық референдум комиссиясы өкілдерінің қатысуымен 15 наурызда өтетін республикалық референдумды дайындау және өткізу мәселелеріне арналған оқыту семинары өтті. Семинар жұмысына Ақмола облыстық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Николай Афанасьевич Политкин және облыстық референдум комиссиясының мүшесі Алма Болатқызы Бекентаева қатысты. «Республикалық референдумды дайындау мен өткізудің негізгі кезеңдері. Республикалық референдумды қаржыландыруды ұйымдастыру», сондай-ақ «Дауыс беруге арналған тізімдермен жұмыс туралы» баяндамалармен Николай Афанасьевич жан-жақты таныстырды. Ол өз сөзін референдумдардың тарихынан бастап, референдумды дайындау мен өткізудің негізгі кезеңдері, облыстық комиссияның құрамы, референдум күні дауыс беру тәртібі, нормативтік-құқықтық негіздер, республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге арналған негізгі шығын бағыттары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың…
