Заңды біліп жүрген абзал
Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен «Заң және тәртіп» тақырыбында кездесу өтті. Аталған шараға, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің директоры – Жакупова Диана Сайрамбекқызы, Ақмола облысы ПД КҚІБ жедел уәкілі, полиция майоры – Бекзат Ағыикқызы Назарова, Көкшетау қаласы ПБ, ЖПҚБ ЮПБ ПУИ, полиция лейтенанты Нысанбай Ескендір Бекболатұлы, Ақмола облысы полиция Департаменті, есірткіге қарсы басқармасының жедел аға өкілі, полиция подполковнигі Курсанова Разия Талғатқызы, аталмыш оқу орнының студенттері және ұйымдастырушылар тарапы қатысты. Шара барысында әр спикер өз баяндамасын оқып, киберқауіпсіздік тақырыбына арналған бейнебаян көрсетіліп, кейін студенттермен сұрақ-жауап форматына ауысты. «Құрметті…
