«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша қазақстандық балаларға 888 млн доллар аударылды
2022 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын көтерген болатын. Осы бастаманың аясында 2025 жылы 18 жасқа толмаған қазақстандық балаларға 129,38 доллары көлемінде қаражат аударылды. Өскелең ұрпаққа қамқорлық көрсету – мемлекеттік саясаттағы басымдыққа ие бағыттардың бірі. Қазір еліміздегі отбасылар баланың дүниеге келген сәтінен бастап оның ер жеткеніне дейін мемлекеттің қолдауына сенімді бола алады. Айталық, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы жас азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, сондай-ақ білім алуына жан-жақты жағдай жасап, табысты болуларына бағытталған. 2024 жылдан бастап жылма-жыл қазақстандық балаларға 18 жасқа толғанға дейін инвестициялық табысты қоса…