Ақмола облысында реконструкциядан кейін тағы 5 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Теміржол көлігі қызметкерлері күні қарсаңында Ақмола облысында айтулы оқиға орын алды – ауқымды реконструкциядан кейін бірден бес теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Жаңартылған нысандар Ерейментау, Еркіншілік, Өлеңті, Державинск және Жалтыр станцияларында ашылды. Вокзалдарды жаңғырту Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан теміржол инфрақұрылымын жаңарту жөніндегі ауқымды мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізілуде. 2025 жылы Қазақстанда 124 теміржол вокзалын кешенді реконструкциялау жұмыстары басталды. Бұл ретте Ақмола облысы бағдарламаға енген вокзалдар саны бойынша республикада көш бастап тұр. Өңірде 16 теміржол вокзалы жаңғыртылуда. Бұл – еліміздегі ең жоғары көрсеткіш. Бір мезетте Ерейментау ауданында үш, сондай-ақ Астрахан және Жарқайың аудандарында бір-бірден жаңа вокзалдың ашылуы – өңір…
