Көкшетау тұрғындары көптен күткен пәтер кілттерін алды
Республика күніне орай Ақмола облысының орталығында жаңа пәтер кілттерін табыстау салтанатты рәсімі өтті. Жаңа баспаналар реновация бағдарламасы аясында және әлеуметтік жағынан осал санаттағы отбасыларға берілді. Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов табыстады. Өз сөзінде өңір басшысы облыста тұрғын үй құрылысы қарқын алып келе жатқанын атап өтті. «Президент әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатын арттыру мен өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөледі. Соның ішінде тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі – маңызды бағыттардың бірі. Соңғы екі жылда шамамен бес мың мұқтаж отбасы баспанамен қамтамасыз етілді, бұл – бұған дейінгі жеті жылда атқарылған жұмыспен тең көрсеткіш.…
