Білім және ғылым

Көкшетауда жаңа форматтағы заманауи мектептер мен балабақшалар ашылуда

Көкшетауда жаңа форматтағы заманауи мектептер мен балабақшалар ашылуда

*Көкшетауда жаңа форматтағы заманауи мектептер мен балабақшалар ашылуда* Бүгін жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласындағы бірқатар білім беру мекемелерін аралады. Жаңа «Білім-инновация» лицейінде өңір басшысы мен министр оқу процесімен және оқушылардың тұрмыс жағдайымен танысты. Мұнда білім беру үдерісі жаратылыстану-математикалық бағытта жүргізіледі. Оқушылар робототехника және жасанды интеллект саласындағы жетістіктерін таныстырып, халықаралық байқаулардағы табыстарымен бөлісті. Биылғы оқу жылынан бастап лицей аралас форматқа көшіп, енді мұнда ұлдар мен қыздар бірге білім алуда. «Аяла» балабақшасы – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға ерекше көңіл бөлінетін өңірдегі бірегей мекемелердің бірі. Мұнда балалардың ерте дамуы…
Подробнее
Ақмола облысында апатты мектептің орнына жаңа мектеп салынды

Ақмола облысында апатты мектептің орнына жаңа мектеп салынды

  Республика күні қарсаңында Көкшетау қаласында 500 орынға арналған №10 жаңа жалпы білім беретін мектептің техникалық ашылуы өтті. Білім ошағы ескі апатты мектептің орнында бой көтеріп, «Келешек мектебі» жобасының стандарттарына сәйкес салынды. Оқушыларды мектеп екінші тоқсанда қабылдайтын болады. Заманауи мектеп сапалы және жайлы білім алуға қажетті барлық жабдықтармен қамтылған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары орнатылып, олар полицияның Жедел басқару орталығына интеграцияланған. Мектеп аумағы үш функционалды аймаққа бөлінген – оқу, спорт және ойын алаңы, сондай-ақ шаруашылық бөлігі. Нысанды жұмыс сапары барысында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова және «Қазцинк» АҚ бас директоры Жанат Жанботин аралап көрді.…
Подробнее
Ақмола облысы: «Серпін» бағдарламасы бойынша 2 мыңнан астам студент түлеп ұшты

Ақмола облысы: «Серпін» бағдарламасы бойынша 2 мыңнан астам студент түлеп ұшты

Ақмола облысында мемлекеттік «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түсетін студенттердің саны жыл сайын артып келеді. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті 2014 жылдан бері бұл бағдарламаға қатысып келеді. Бұл туралы университеттің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ардақ Қапышев мәлімдеді. Бағдарламаның басты мақсаты — оңтүстік өңірлердің жастарын қолдау және солтүстік, орталық пен шығыс облыстардағы кадр тапшылығын шешу. Бағдарлама іске қосылғалы бері аталған университетте 2 мыңнан астам студент жоғары білім алып, түлеп шыққан. Қазіргі уақытта бағдарлама бойынша Алматы, Жетісу, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарынан келген студенттер білім алуда. – Біз жыл сайын оңтүстік өңірлерге барып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргіземіз және түлектерді біздің университетке оқуға…
Подробнее
Мектеп реновациясы – сапалы білімге жасалған қадам

Мектеп реновациясы – сапалы білімге жасалған қадам

  Президент Жолдауы аясында Ақмола облысында мектептерді кешенді күрделі жөндеуден өткізу мен жабдықтауды көздейтін үш жылдық реновация жоспары әзірленіп, бекітілді. Жаңа оқу жылының басында Бiржан сал ауданында орналасқан үш мектеп – Андыкожа батыр, Кеңащы, Макинка ауылдарындағы білім ордалары жаңартылып, өз оқушыларына есігін айқара ашты. Қазіргі таңда бұл білім беру ұйымдары заманауи әрі жайлы кейіпке енді. Андыкожа батыр ауылының мектебі 1980 жылы салынған. Мұнда 100-ден астам оқушы білім алады. Соңғы екі жылда білім ордасы айтарлықтай өзгеріп, тек оқушылар мен ұстаздар үшін ғана емес, бүкіл ауыл тұрғындары үшін де шынайы мәдени-рухани орталыққа айналды. Жөндеу жұмыстары барысында инженерлік жүйелер, шатыр, еден, есік пен…
Подробнее

Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы 27 млрдтеңге үнемдеуге мүмкіндік берді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Президент көмекшісі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру барысы, оның ішінде мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландыру механизмін енгізу мәселесі қаралды. Жобаны толық енгізу осы жылдың 1 тамызына жоспарланған. Қазіргі таңда жобаға 2,3 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым қатысуда және 276,5 мың балаға ваучерлер берілді. Өткен жылы жоба Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында сынақтан өтті, ал ағымдағы жылдың басынан бастап Астана қаласының балабақшалары, наурыз айынан бастап Қарағанды, Семей, Өскемен, Жезқазған қалалары және Жамбыл облысының Байзақ, Түркістан облысының Сарыағаш аудандарының балабақшалары жобаға қосылды. Ваучерлік жүйе артықшылықтары: • Біріншіден, мектепке дейінгі…
Подробнее

IQanat Олимпиадасы Ақмола облысында: кім ТОП-1000-ға кіреді?

IQanat Олимпиадасы Қазақстанның өңірлерін қамтуды жалғастырып жатыр, зияткерлік жарысқа енді Ақмола облысы қосылады. Үш күн ішінде өңір ауылдарының бірінші турдан сәтті өткен 400-ден астам оқушысы 1000 финалист қатарына кіру үшін тест тапсырып жарысады. Биылдың басты ерекшелігі – Peer-to-Peerжобасы. IQanat Олимпиадасы білім байқауы ғана емес, енді білім берудегі тәлімгерлік алаңына айналып, жаңа мазмұнға ие болды. Енді жоғары сынып оқушылары мен IQanat түлектері төменгі сынып оқушыларына тәлімгер (тьютор) болып, олардың мектеп бағдарламасы бойынша жетіспей жатқан білімдерін көтеруге көмектеседі. Айта кетейік, емтихан процесінен бөлек, оқушылар ынталандыру тренингтеріне, квесттерге, командалық ойындарға және дамытушы шараларға қатысады. Балаларға 11 тьютор және IQanatжобасының 7 қатысушысы көмектесіп, олардың…
Подробнее
Ғылым және инновация – Қазақстанның дамуының негізі

Ғылым және инновация – Қазақстанның дамуының негізі

Қазіргі әлем күн санап өзгеруде, ал ғылым осы өзгерістерге ілесіп, жаңа белестерді бағындыруда. Қазақстанда ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп, қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. Егер 2018 жылы ғылыми зерттеулерге ЖІӨ-нің 0,12%-ы ғана бөлінсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 1%-ға жетпек. 2024 жылы ғылымға 194,4 млрд теңге бөлінсе, 2025–2026 жылдары қаржыландыру көлемі 509,2 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Осы қолдаудың арқасында ғылыми жобалардың саны да артуда. Біздің университетте 2018 жылы небәрі екі жоба болса, бүгінде 30-дан астам жоба жүзеге асырылуда. Зерттеулер білім, медицина, ауыл шаруашылығы, IT-технологиялар, қоршаған орта сынды салаларды қамтиды. Сонымен қатар, университетіміз өңірдегі «Altyntau Kokshetau» АҚ, «Гормолзавод» ЖШС, «Kaz Rost…
Подробнее
Тағылымдамалар, тұрғын үй және гранттар: Қазақстанда жас ғалымдарды қолдау қалай жүзеге асырылады

Тағылымдамалар, тұрғын үй және гранттар: Қазақстанда жас ғалымдарды қолдау қалай жүзеге асырылады

  «Ғылымды дамыту – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар басымдық. Әсіресе дарынды, қабілетті жастардың ғылыммен айналысуына жағдай жасау өте маңызды», – деп атап өтті Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте. Ғылымды дамыту – Қазақстан үшін басты басымдықтардың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғылыми зерттеулерді қаржыландыру ұлғайтылды, ғылыми ұйымдар жаңғыртылуда, сондай-ақ шетелде тағылымдамалар саны артуда, бұл ғылымды жастар үшін тартымды етеді және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және зерттеу инфрақұрылымын нығайтуға ықпал етеді. Ғылымды мемлекеттік қаржыландыру 2025-2027 жылдарға 531,1 млрд. теңгеге дейін ұлғайтылды. Ғылымды дамытуға және сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге бағытталған заңдар қабылданды. Сонымен қатар ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының жоғары ғылыми ұйым түріндегі жаңа мәртебесі анықталды.…
Подробнее
«Жайлы мектеп» — сапалы білім беру мен оқушылардың саулығы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

«Жайлы мектеп» — сапалы білім беру мен оқушылардың саулығы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

«Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды», - Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 460 мың орындық 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы салынды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сай келетін тегін білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бастама жайлы мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, балалардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға ықпал ететін орта қалыптастырады. Жайлы мектептердің көлемі типтік мектептерге қарағанда, 15-20%-ға кең, сондай-ақ техникалық жарақтануы…
Подробнее
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТТАРЫНА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТТАРЫНА ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ

Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Үкімет жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастырып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады. Оларға мейлінше қолдау көрсету керек. Атап айтқанда, маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейткен жөн», – деп атап өтті. 34 шетелдік жоғары оқу орнымен серіктестік келісімдер жасалды. Бүгінгі таңда елімізде Ұлыбритания, Италия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция және Оңтүстік Кореяның 23 серіктес жоғары оқу орындары жұмыс істейді. 2025 жылы тағы 11 келісімді іске асыру қажет. Шетелдік серіктестік жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттерге арналған 2 090 грант оқуға мемлекет бөлді. Бүгінгі таңда мыңдаған студент 34 мамандық…
Подробнее