Облыста туберкулезге қарсы күрес тиімді жүргізілуде
Ақмола облысында туберкулезге қарсы жұмыстар жүйелі жүргізіліп, індет бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деңгейде сақталып отыр. Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша барлық негізгі көрсеткіштерде оң динамика байқалады. Биыл өңірде 204 жаңа жағдай тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 жағдайға аз. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Серік Омарханов мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен. Сонымен қатар, аурудың таралу көрсеткіші 4,4%-ға төмендеген, ал өлім-жітім жағдайларының саны 6-дан 4-ке азайған. Бұл бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде облыс бойынша көрсеткіштердің тұрақты төмендеу үрдісі байқалуда. «Айта кетерлігі, ең айқын оң нәтиже балалар арасында тіркелді – былтырғы 10 жағдайдың орнына биыл небәрі 2…
