Ақмола облысында балалар қауіпсіздігіне бағытталған профилактикалық жұмыстар күшейді
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу – Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауындағы маңызды бағыттардың бірі. Осыған байланысты Ақмола облысында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Айнагүл Қуандықова мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде облыстағы барлық білім беру ұйымдарына полиция қызметкерлері бекітілген. Жалпы 396 қызметкер мектептер мен колледждерде профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Жыл басынан бері оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 3 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылған. «Біздің басты мақсатымыз – құқық бұзушылықтың алдын алу. Сондықтан…
