Ақмола облысы экология департаментінің 2024 жылдың 8 айындағы қызметінің қорытындылары туралы
Экологиялық реттеу бөлігінде департамент 2024 жылдың 8 айында электронды форматта 412 мемлекеттік қызмет көрсетті. Бұл туралы брифингте Экология департаментінің басшысы Мағзұм Құқымбаев айтты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Биылғы жылдың 8 айында департамент І санаттағы объектілерге 14 қоршаған ортаға әсер ету рұқсатын берді, оның 5-і шығарындыларды азайтуды қарастырады. Жобаларды қараудың сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударылады. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғаудың тиімді шараларын енгізу арқылы нақты шығарындылардың өсуін жою және алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Спикер атап өткендей, 2022 және 2023 жылдардағы нақты шығарындыларды салыстыратын болсақ, төмендеу үрдісі байқалады, дәлірек айтқанда, шығарындылар бойынша төмендеу 1,9 мың тоннаға, қалдықтарды орналастыру 800 мың…