Ақмола облысы спортшыларының бірінші жартыжылдықтағы нәтижелері
Ақмола облысының спортшылары бірінші жартыжылдықта мынадай нәтижелерге қол жеткізген еді: Паралимпиада ойындары мен әлем және Азия чемпионаттарында облысымыздың спортшылары түрлі номинациядағы 104 медаль жеңіп алды. (Паралимпиада ойындары 1 – алтын, 1 – күміс; Олимпиада ойындары бойынша әлем чемпионаттары: 1 алтын, 1 күміс; Олимпиадалық жарыстар бойынша Азия чемпионаты: 5 алтын, 8 күміс, 10 қола.) Олардың арасында шорт-тректен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Никиша Денис (Роттердам, Нидерланды). Любляна қаласында (Словения) өткен жасөспірімдер мен балалар арасындағы брейкинг бойынша әлем чемпионатында алғаш рет 10-12 жас аралығындағы спортшылар арасында алтын медаль жеңіп алған Қалышбаев Әміре. Мациев Юсуф – грек-рим күресінен Азия чемпионатының күміс жүлдегері (Бішкек, Қырғызстан).…