Бос уақыт

«Family life» фестивалі өтті

«Family life» фестивалі өтті

13 қыркүйек күні «Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ, Ақмола облысының орталық мешіті мен облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Халықаралық отбасы күніне арналған «Family life» фестивалі өтті. ​Аталған іс-шараға өңіріміздің әр түрлі аймақтарынан жиналған 9 отбасы қатысып, 7 түрлі спорттық сайыс арқылы жүлделі орындарды сарапқа салды. Оза шапқан үш отбасы: Степногорск қаласынан келген Бекназаровтар отбасы 1- орын, Шортандылық Әбутәліповтер отбасы 2-орынды және ауданымыздың атынан Сейітқазиндер әулеті қатысып, 3-орынды иеленді. Қанат ҚҰСАЙЫНОВ, Жастар ресурстық орталығының SMM-менеджері.
Подробнее
Сенбілік – бұл игі дәстүр!

Сенбілік – бұл игі дәстүр!

​ «Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші, өзіміз тұратын қаламызды, қоршаған ортаның, туған өлкеміздің тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың, әр тұрғынның басты міндеті. Бүгінгі күні күн тәртібінен түспейтін басты мәселелердің бірі – тазалық. Дана халқымыз: «Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық кепілі – тазалық» демекші, көше бойындағы күл-қоқыстардың өзі адам денсаулығына кері әсер ететінін естен шығармағанымыз жөн. ​Құрметті қала тұрғындары! 21 қыркүйек сенбі күні, сағат 10.00-де жалпы аудандық сенбілікке шақырамыз! Барлық қалалық шағын және орта бизнес нысандарының қатысуы міндетті. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандарғы қызметкерлер, бюджеттік және жеке мекеме ұжымдары, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдары және жеке сектордың үй иелері қатысуға тиіс.…
Подробнее