Ақмола облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында 100 мың шаршы метрден астам аумақты тазартты
*Ақмола облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында 100 мың шаршы метрден астам аумақты тазартты* Ақмола облысында Қазақстан Президенті бастамашылық еткен биылғы ең ауқымды экологиялық шаралардың бірі – «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Бұл күні аумақтарды тазалауға 30 мыңнан астам адам шықты. Өңір тұрғындары 100 мың шаршы метрден астам жерді тазартып, 25 мың ағаш пен бұта отырғызды, деп хабарлайды өңірлік ішкі саясат басқармасы. Көкшетаудан бастап облыстың ең шалғайдағы ауылдарына дейін біртұтас экологиялық қозғалысқа атсалысты. Акцияға отбасылар, еңбек ұжымдары, мектеп оқушылары мен еріктілер қатысты. Адамдар үшін бұл ресми міндет емес, туған жердің тазалығына қосқан жеке үлесі екені – қолдарына қап алып, келген көшіліктен…
