Саясат

Мәжіліс депутаты ауданымызда болды

Мәжіліс депутаты ауданымызда болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында атом электр станциясын салуға қатысты халық таңдауын жасауы үшін референдум өткізуді тапсырған болатын. АЭС салу туралы ел ішінде түрлі пікірлер мен сұрақтар көп. Осыған орай, референдумнан бұрын жұртшылықтың пікірін тыңдап, сұрақтарына дәлелді жауап беріліп, АЭС салудың артықшылықтары мен залалсыздығын түсіндіру үшін қыркүйек айының 23 жұлдызында Қазақстан халқы Ассамблеясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаты Наталья Дементьева ауданымыздың тұрғындарымен кездесіп, АЭС салу бойынша,оның қажеттілігі мен артықшылықтары туралы пікір алмасып,оның жұмыс істеу принциптері мен қоршаған ортаға әсер етуі туралы ақпарат алды. 6 қазан 2024 жылы өтетін АЭС салу бойынша өтетін референдумға қатысып,өз маңызды шешім қабылдауды шақырды.
Подробнее
Референдумға дайындық пысықталды

Референдумға дайындық пысықталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында атом электр станциясын салуға қатысты халық таңдауын жасауы үшін референдум өткізуді тапсырған болатын. АЭС салу туралы ел ішінде түрлі пікірлер мен сұрақтар көп. Осыған орай, референдумнан бұрын жұртшылықтың пікірін тыңдап, сұрақтарына дәлелді жауап беріліп, АЭС салудың артықшылықтары мен залалсыздығын түсіндіру үшін қыркүйек айының 9 жұлдызында Ақмола облысының аумақтық референдум комиссиясының мүшелері мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының әдіскерлерімен аудандық АРК және УРК мүшелеріне әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету және оқыту жүргізу үшін ауданымызға келіп, семинар-кеңес өткізді. Отырысқа аумақтық референдум комиссияларының төрағалары, олардың орынбасарлары мен хатшылары, БАҚ өкілдері қатысты.…
Подробнее
Біржан сал ауданы әкімдігінің жанында Call-орталық ашылды

Біржан сал ауданы әкімдігінің жанында Call-орталық ашылды

«2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 жарлығына байланысты сайлаушылар үшін Біржан сал ауданы әкімдігінің жанында Call-орталық ашылды. Референдум өткізуге, тізімге қосуға және шығаруға, сондай-ақ сайлаушылар тізіміндегі өз деректеріңізді нақтылауға байланысты сұрақтарыңыз бойынша дүйсенбі мен жұма аралығында  сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін (түскі үзіліс сағат 13-00 - 14-30 дейін) жұмыс істейтін  8(71639)2-16-57 Call-орталығының телефонына хабарласа аласыз.
Подробнее
⚡️Президент:  «Жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай дифференциациялау қажеттігі туындап отыр.

⚡️Президент: «Жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай дифференциациялау қажеттігі туындап отыр.

Салықтық әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен де бас тартқан абзал. Мәжбүрлеу шараларын қолданбай-ақ, хабарлама жіберу арқылы өндірілетін салық берешегінің жоғарғы шегін көтеруге болады деп ойлаймын. Ал салық берешегі осы шектен асып кетсе, қарыз сомасы аясында ғана шектеу қойылуға тиіс. Яғни, борышкердің банктегі есеп-шоты толық бұғатталмайды. Берешек сомасы тым көп болған жағдайда, кепілге мүлік қоюды талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген жөн. Жоспарға сай тексеру тәсілінен біржола бас тартуға тырысу керек. Ол үшін қатерлердің алдын алу жүйесін жетілдіру қажет. Салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыру өзекті мәселеге айналды. Кәсіпкерлер өздері пайдаланатын салық жеңілдіктері бойынша есеп беруге тиіс. Бизнесті дамытуға нақты септігі тиетін жеңілдіктерді…
Подробнее

⚡️Мемлекет басшысы: «Экономиканы қарқынды дамыту үшін тек мемлекет қаржысына сүйену жеткіліксіз екені анық.

Жеке инвестициялар тарту арқылы іскерлік белсенділіктің артуына қолайлы жағдай жасаған жөн. Ол үшін, ең алдымен, салық саясаты тұрақты болуға тиіс. Сонда бизнес те сапалы дамуға ынталы болады және жауапкершілікпен жұмыс істейді. Жаңа салық кодексі қазіргі жүйені қайта жаңғыртуға арналған. Бұл құжат салықтық әкімшілендіру ісінің салық төлеушілерге деген сенімге негізделген мүлде жаңа жүйесін қалыптастыруға тиіс. Кодекстің ережелерін әркім әрқалай қабылдамауы үшін оны жеңілдетіп, экономикалық тұрғыдан белсенді азаматтың бәріне бірдей түсінікті ету өте маңызды. Салық режимдерін кәсіпкерлерге жасалған қолайлы жағдайдың нашарлап кетпеуін ескере отырып, оңтайландырған жөн. Бөлшек салықтың енгізілуін мысал ретінде айтуға болады. Осы нормаға сенім артқан кәсіпкерлер қызметін ашық жүргізе бастады,…
Подробнее

Aqorda 🇰🇿: ⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірден бір жолы – көрпеге қарай көсілу. Сондықтан бюджет қаражатын стратегиялық маңызы жоқ, аса шұғыл емес шаруаларға оңды-солды шашуды доғару керек.

Бюджетаралық қарым-қатынасты да ретке келтіру қажет. Шағын және орта бизнестен түсетін салықты аймақтардың өзінде қалдыру дұрыс әрі уақтылы қабылданған шешім болды. Бұл қадам кәсіпкерліктің дамуына едәуір серпін берді. Сонымен қатар әкімдердің дербестігін арттырды. Алайда кейбір әкімдер қосымша кіріс көзіне ие болған соң, оны елге пайдасыз іске шашып, тиімсіз жұмсайтын болды. Аса маңызды емес міндеттер мен жобаларға қаржы бөле бастады. Үкімет бюджет тапшылығының орнын толтыратын қаржы көзін табу үшін тиімді компенсациялық тәсілдер ойластыруы қажет. Енді Ұлттық қордың рөліне жеке тоқталайын. Қордың қаражатын, ең алдымен, мемлекет мүддесі үшін, яғни еліміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдалану қажет. Ұлттық қор шетелдік қаржы институттарына…
Подробнее
Aqorda 🇰🇿: ⚡️Мемлекет басшысы:

Aqorda 🇰🇿: ⚡️Мемлекет басшысы:

«Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, халықтың қалауымен жасалуда. Сондықтан біз алған бетімізден қайтпаймыз, бағытымыздан таймаймыз. Бүгін біз алға қойған жоспарымызды пысықтап, мақсаттарымызды айқындаймыз. Қазір жер жүзінде геосаяси текетірестер белең алып тұр. Соған қарамастан, Қазақстан бейбіт әрі эволюциялық жолмен дамып келе жатыр. Біз дамудың жаңа бағдарын…
Подробнее
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:  «Баршаңызды кезекті сессияның ашылуымен құттықтаймын! Ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріңізге табыс тілеймін.

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Баршаңызды кезекті сессияның ашылуымен құттықтаймын! Ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріңізге табыс тілеймін.

Өткен сессияда жемісті жұмыс жүргізілді. Атап айтқанда, Парламенттің екінші сессиясында 102 заң қабылданды. Оның ішінде қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске қатысты заңдар бар. Сондай-ақ ғылым және технология саясатын, жылу энергетикасын, басқа да мәселелерді реттейтін заңдар күшіне енді. Әлеуметтік салаға, әсіресе, балаларды қорғау ісіне айрықша көңіл бөлінді. Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаржы аударуға қатысты заң қабылданды. Балаларды құмар ойынға тартқандар әкімшілік заң бойынша жазаға тартылатын болды. Кәмелетке толмаған балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін берілетін жаза қатайды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстың алдын алуға арналған заң қабылданды. Қазір көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бар екені жасырын емес. Бұл…
Подробнее