Мәдениет

Жолтай ЖҰМАТ-ӘЛМАШҰЛЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ТҮПКІ ТЕТІГІ – ӘДЕБИЕТ

Жолтай ЖҰМАТ-ӘЛМАШҰЛЫ ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ ТҮПКІ ТЕТІГІ – ӘДЕБИЕТ

(Сындарлы уақыттағы қаламгерлік жайлы ой) Жаңа заман, жаңа уақыт, тіпті мейлінше жаңарған, жан-жақты жетілген, ойжетпеске қол жете бастаған қоғамда өмір сүре бастадық. Бұл – біздің тағдырымыз! Бізге бұйырған бақ! Енді қалай? Байқап қарасақ, соңғы 30-40 жылда адам да, қоғам да, тіпті бүкіл әлем де күрт өзгерді, кісі танымастай кейіпке ауысты. Техника заманы туды. Әлеуметтік желі – интернет алға озды. Ол ғана емес, жасанды интеллект «атқа қонды», мойындауымыз керек, қаласақ та, қаламасақ та, өмір-тіршілігімізге тереңдеп, бойлап енді. Міне, осындай өзгермелі заманда адамдардың алға озған ой-санасымен санаса отырып, жұмыла жұмыс істеп, бірге ілесіп, әсіресе тәрбие-тәлім мектебін ақсатып алмау – қай мемлекеттің де…
Подробнее
Биыл «LOTUSFEST-2026» фестиваліне 10 мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде

Биыл «LOTUSFEST-2026» фестиваліне 10 мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде

15-16 тамыз күндері Құрманғазы ауданының Теңіз ауылында «LOTUSFEST-2026» фестивалі өтеді. Былтыр алғаш рет ұйымдастырылған фестивальге 5 мыңға жуық турист келген. Биыл олардың саны екі есеге артып, 10 мыңға жуық қонақтың қатысуы күтілуде, - - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Екі күнге жоспарланған фестиваль аясында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер ұйымдастырылып, спорттық жарыстар мен түрлі ойын-сауық бағдарламалары өтеді. Фестивальдің алғашқы күнінде облыстық туристік жарыс ұйымдастырылады. Қатысушылар фестиваль аумағында түнеп, келесі күнгі бағдарламаға қатысады. 15 тамызда «LOTUS FLOTILLA» қайықтар шеруі өтіп, «LotusRUN» марафоны ұйымдастырылады. Марафоншылар Жамбыл ауылынан фестиваль өтетін аумаққа дейін жүгіреді. Одан кейін фестивальдің ресми ашылу салтанаты өтеді. Ашылу бағдарламасында театрландырылған композиция,…
Подробнее
Әр адамның арманы – еліміздің ертеңі

Әр адамның арманы – еліміздің ертеңі

  Бірақ арман қалай туады? Оны жоғарыдан таңып бере алмайсыз. Оны тек ести білу керек. Бүгін Қазақстанда осы идеяны шындыққа айналдыратын «Qazaq Dream» қысқаметражды фильмдер мен әдеби эссе шығармашылық байқауы басталды. 2026 жылғы 15 маусым мен 31 тамыз аралығында еліміздің кез келген азаматы «Сен қандай Қазақстанды армандайсың?» деген бір ғана сұраққа жауап ретінде қысқаметражды фильмін (ұзақтығы 3 минутқа дейін) немесе эссесін (А4 форматындағы 1-3 бет көлемінде) ұсына алады. Байқауға қатысушылар жұмысын қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде жолдауына болады. Осылайша Қазақстан алғаш рет жалпыұлттық арман фестивалін ұйымдастырып, әрбір азаматты елдің болашағын бірге суреттеуге шақырып отыр. Іріктеу комиссиясы ұсынылған жұмыстарды сараптап, бағалайды,…
Подробнее

Астанада Comic Con Astana 2026 фестивалі басталды

  Елордада кино, комикс, бейнеойын, аниме және косплей жанкүйерлерінің басын қосқан ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 бастау алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Биыл фестиваль бірден екі алаңда өтіп жатыр. «Барыс Аренада» негізгі сахналық бағдарлама ұйымдастырылса, «Алау» мұз сарайында көрме аймағы орналасқан. Төрт күн бойы келушілерге арнап халықаралық хедлайнерлермен кездесулер, қолтаңба сессиялары, косплей байқауы, музыкалық және би қойылымдары, интерактивті алаңдар, тақырыптық стендтер мен фестиваль жәрмеңкесі өтеді. Фестивальдің алғашқы күні келушілер Pop Asia сахнасындағы шығармашылық ұжымдардың өнерін тамашалай алады. Сондай-ақ әуесқой косплей байқауының ересектер мен балалар номинациялары, концерттік бағдарлама және арнайы қонақтармен кездесулер өтеді. Күннің басты…
Подробнее
Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» фестивалі өтті

Алакөл жағалауында «Алакөл толқыны» фестивалі өтті

Республикалық оқиғалар мен іс-шаралар күнтізбесіне Жетісу облысы тарапынан енгізілген «Алакөл толқыны» мәдени-туристік фестивалі Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Ақши ауылындағы Алакөл көлінің жағалауында тиісті деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. «Алакөл толқыны» фестиваліне Қытай, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген шетелдік туристер мен қонақтар, сондай-ақ Қазақстанның әр облысынан келген демалушылар мен өңір тұрғындарын қоса алғанда, 5 мыңнан астам адам қатысты. Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі Алакөл өңірінің туристік әлеуетін, табиғи ерекшеліктері мен тарихи-мәдени құндылықтарын дәріптейтін арнайы бейнероликтің көрсетілімімен басталды. Ресми бөлімде алғашқы құттықтау сөз Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаевқа беріліп, ол өңірде туризм саласын дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру және Алакөл жағалауын халықаралық…
Подробнее
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әрі тікелей қолдауымен Маңғыстаудың жартасты мешіттері (Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата, Сұлтан Үпі) ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әрі тікелей қолдауымен Маңғыстаудың жартасты мешіттері (Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата, Сұлтан Үпі) ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді

  Бүгін Корея Республикасының Пусан қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік мұралар комитетінің 48-ші сессиясында осындай оң шешім қабылданды. Бұл – Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Өйткені, төл мәдени мұрамыз ЮНЕСКО-ның беделді тізіміне соңғы рет 22 жыл бұрын, яғни 2004 жылы қосылған болатын (2003 жылы – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, 2004 жылы – Таңбалы петроглифтері). Кейінгі жылдары ғана Президенттің бастамасымен бұл бағыттағы жұмыс қайта жанданып, жаңа деңгейге көтерілді. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен үшінші отырысында Маңғыстаудың жартасты мешіттерін ЮНЕСКО мұралары тізіміне қосу жұмыстарын бастауды тапсырды. ЮНЕСКО тізімінен лайықты орын алу – біз үшін зор мақтаныш. Әрі бұл –…
Подробнее
«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында поэзия кеші өтті

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі аясында поэзия кеші өтті

  Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында халықаралық «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі көкпар ойынымен бастау алды. Екі күнге созылатын додада өңірдің әр түкпірінен келген командалар бақ сынасуда. Одан соң Берел ауылындағы «Патшалар алқабы» тарихи-мәдени кешені аумағында белгілі ақын Ақтан Нұрбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ас берілді. Оған қаламгерлер, мәдениет қайраткерлері және ақынның жақындары қатысты. Кешке қарай дүйім жұрт «Төр Алтай Ақтанын жырлайды» атты республикалық поэзия фестиваліне жиналды. Жыр нөсері төгілген шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов келді. «Қасиетті Төр Алтайдың мұзарт шыңдары аспанмен тілдесіп, мөлдір бұлағы мәңгіліктің күйін шерткен, тасын түртсе тарих сайрап, түгін тартса майы…
Подробнее
Домбыра – өткеннің мұрасы емес, бүгінгі жастардың да таңдауы

Домбыра – өткеннің мұрасы емес, бүгінгі жастардың да таңдауы

  Ұлттық домбыра күні – қазақтың төл өнеріне тағзым жасайтын ерекше мереке. Домбыра – халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, рухани құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қасиетті мұра. Бүгінде бұл өнерді жаңа деңгейге көтеріп жүрген жастар аз емес. Солардың бірі – айтыскер ақын, ұстаз, республикалық және облыстық айтыстардың жүлдегері Берденбек Мырзат. Ақынның айтуынша, оның өнер жолы айтыстан емес, мектеп қабырғасында өлең жазудан басталған. Ақындыққа деген қызығушылығын алғаш болып байқаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі жас талаптың шығармашылыққа деген ынтасын қолдап, қанаттандырған. – «Менің ақындық жолым жазба поэзиядан басталды. Мектеп қабырғасында өлең жазып, түрлі мүшәйраларға қатысып жүрдім. Сол кезде ұстазым бойымдағы қабілетті байқап,…
Подробнее

Қазақы тазы Болоньяда өткен World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде таныстырылды

Болонья қаласында Қазақстан үшін тарихи маңызы бар оқиға — қазақы тазының World Dog Show 2026бағдарламасына қатысуы аяқталды. Бұл көрме әлемдік кинологиядағы ең маңызды әрі беделді іс-шаралардың бірі болып саналады. 2026 жылғы 2–7 маусым аралығында халықаралық кинологиялық қауымдастықтың назары Италияға ауды. Болоньяда әлемнің әртүрлі елдерінен төрешілер, сарапшылар, өсірушілер, иелер және ұлттық кинологиялық ұйымдардың өкілдері жиналды. Қазақстан үшін бұл іс-шараның орны ерекше болды: әлемдік кинологияның басты алаңдарының бірінде 2024 жылы FCI Халықаралық кинологиялық федерациясы тарапынан алдын ала танылған ұлттық тұқым — Қазақы тазы таныстырылды. Қазақстан кинологтар одағының World Dog Show 2026 көрмесіне қатысуы тұқымды түпкілікті халықаралық тануға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды кезеңі…
Подробнее
«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

«Астана» саябағында қазақ халқының тарихында, мәдениетінде және ұлттық тағамдарында ерекше орын алатын тары дақылын өсіру дәстүрін сақтау мен дәріптеуге арналған «Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Асхат Шахаров қатысып, фестивальдің көрме алаңдарын аралап көрді, қатысушылармен және қонақтармен жүздесті. Сондай-ақ ұлттық дәстүрлерді сақтау мен өңірде гастрономиялық туризмді дамытудың маңыздылығына тоқталды. Ауқымды шараға қала тұрғындары мен қонақтары көптеп жиналып, өңірдің бай мәдени және гастрономиялық мұрасын танытатын жарқын алаңға айналды. Фестиваль қонақтарының тарыдан дайындалған елуге жуық тағам түрі ұсынылған көрме-жәрмеңке ерекше қызығушылығын тудырды. Қатысушылар ұлттық тағамдардың алуан түрімен танысып, шоколадты жент әзірлеу бойынша шеберлік сабағына қатысып, дәстүрлі бауырсақ пен самаурыннан…
Подробнее