Қостанайлық оқушы су тасқыны кезінде көпірлерді қираудан қорғайтын инновациялық жоба әзірледі
Қостанайлық оқушы су тасқыны кезінде көпірлерді қираудан қорғау үшін «Smart Bridge» инновациялық жобасын әзірледі, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі «100 жаңа есім — 100 жаңа тұлға» айдарын жалғастыруда. Бүгінгі айдардың кейіпкері — Қостанай ауданы Александр мектебінің 10-сынып оқушысы Виктор Рыжков. Жас өнертапқыш ұстазы Виталий Базаркиннің жетекшілігімен су деңгейінің күрт көтерілуі кезінде көпірлердің бұзылуына жол бермейтін «Smart Bridge» инновациялық жүйесін құрастырды. Бұл идея Викторға 2024 жылғы көктемгі су тасқынынан кейін келген. Автоматтандырылған жүйе су деңгейінің критикалық көтерілуінің алдын алады: датчиктер алдымен қауіпті тіркейді, ал бағдарламаланған Arduino микроконтроллері көпірді бірден көтеру механизмін іске қосады, оны…
