Халықаралық турнирі өтеді
Ертеде көшпенділер құсбегілікке ерекше мән берді және терең шұғылдана білді. Соның нәтижесінде Қыран Құс – Ұлы Даланың символына айналды. Құсбегілік - сонау ықылым заманнан бері туған халқымызбен бірге жасасып, атадан – балаға, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан Ұлы дала мәдениетінің ішіндегі төл өнеріміз болып саналады. А.ж. 17- 20 қазан күндері аралығында бабаларымыздың ізін жалғастырып, жұртшылық арасында мәдени тарихымызды насихаттау мақсатында Құсбегіліктен Мәсіп Батырханұлы атындағы халықаралық турнирі өтетін болады. Турнирдің өту орны: Ақмола облысы Біржан сал ауданы Жөкей ауылындағы "Лес и звезды" глэмпингінің аумағы мен шекарасы. Құрметті Ақмола облысының тұрғындары және қонақтары сіздерді табиғат аясында демалып, турнирді тамашалауға шақырамыз.
