Құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша шектеулер
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2024 жылғы 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары бойынша мәжілісінің 2024 жылғы 19 шілдедегі хаттамасының 10 тармағының 2) тармақшасына сәйкес құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер енгізілді. Қазақстанда ойын бизнесін шектейтін заң қабылданғаны туралы барлықтарыңыз хабардар боларсыздар, оны бейресми түрде «лудоманияға қарсы заң» деп атайды. 8 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болдырмау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Енді мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнайы және құқық…