Қазақстан құрамасы Халықаралық математикалық олимпиадада алты медаль жеңіп алды
2026 жылғы 13-21 шілде аралығында Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында 67-ші Халықаралық математикалық олимпиада (International Mathematical Olympiad, IMO) өтті. Әлемдегі ең беделді әрі ең көне зияткерлік білім жарыстарының біріне 117 мемлекеттен 700-ге жуық дарынды оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды. Күміс медаль иегерлері: • Тимур Мұрат - Алматы қаласындағы «Haileybury Almaty» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы; • Әли Еркебұланұлы - Алматы қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы; • Батырхан Бейганов - Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы. Қола медаль иегерлері: • Ерасыл Алтынбек - Алматы қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы; • Марғұлан Шарел -…
