Ақмола облысында 589 елді мекен Интернет желісімен қамтамасыз етілді
Бұл туралы бүгінгі брифингте Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы басшысының м.а Нурбол Утебаев баяндап берді. Утебаевтың айтынша, Бүгінгі таңда Ақмола облысының 605 елді мекенінің 589 немесе 97,3% - ы Интернет желісіне қосылған. Сондай-ақ, Ұлттық Жобаға сәйкес республикалық жолдар бойында 3 антенна – діңгек құрылыстарының құрылысы жүргізілетін болады (Ақкөл, Жақсы, Ерейментау). Бүгінгі күні ұялы байланыс операторлары аудан әкімдіктерімен бірлесіп құрылыс орындарының координаттарын анықтаған және жер учаскелерін ресімдеу бойынша қызу жұмыстар жүргізілуде. Жеткізушілермен де жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге шарттар жасалған. Сонымен қатар, Щучье-Бурабай курорттық аймағын сапалы ұялы байланыспен және мобильді интернетпен қамтамасыз ету мақсатында «Бурабай» курортының аумағын мобильді байланыспен және интернетпен қамту…
