Заң мен тәртіп: қоғам қауіпсіздігіне бағытталған бастамалар
Заң мен тәртіп: қоғам қауіпсіздігіне бағытталған бастамалар Ақмола облысында Президент бастамасымен енгізілген «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Басқарманың аға прокуроры Айым Алтай бұл бастаманың өңіріміздегі орындалу барысына тоқталды. Өңірде жалпы қылмыс деңгейі төмендегенімен, бірқатар проблемалық бағыттар әлі де бар. Прокурордың айтуынша, облыстағы қылмыстық ахуал 1,2 пайызға төмендеген, бұл құқық қорғау органдарының бірлескен жұмысының нәтижесі. Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – басым бағыттардың бірі. «Бүгінгі жастар – ертеңгі қоғамның айнасы. Сол себепті бұл топпен жұмысқа ерекше көңіл бөлудеміз. Облыста «Жас Ұрпақ» ұйымы құрылып, оны үш мыңнан астам оқушы таңдады. Тағы он мыңға жуық бала қосылуға…
