Биыл Ақмола облысында 28 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Ақмола облысында ұлттық жобалар мен «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында 28 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Бұл бағдарламалар жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, жастарды қолдауға және ауылдық аудандарды дамытуға бағытталған. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Еран Мұхамедин журналистермен өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. Ақмола облысында жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады, бұл Қазақстан бойынша орташа деңгейден (4,7%) төмен. Жастар жұмыссыздығы да 3,2% деңгейінде қалды. Жұмыссыздыққа қарсы күрестің маңызды бағыты алты бағытты қамтитын өңірлік жұмыспен қамту картасы болды: ұлттық жобалар, «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бағдарламасы,…
