Конституциялық референдум – ел болашағына бағытталған маңызды қадам
Еліміздің даму жолында маңызды кезеңдердің біріне куә болып отырмыз. Жаңартылған Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің одан әрі дамуына, қоғамдағы әділеттілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды құжат. Конституция – мемлекеттің басты заңы ғана емес, сонымен қатар елдің саяси, әлеуметтік және құқықтық дамуының негізін айқындайтын негізгі бағдар. Конституцияға енгізіліп отырған өзгерістер еліміздегі демократиялық қағидаттарды күшейтіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Бұл өзгерістер қоғамдағы теңдік, заң үстемдігі және әділдік принциптерін одан әрі нығайтуға бағытталған. Сонымен қатар, олар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіріп, билік тармақтарының жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Бүгінгі күні қоғамда әділдік, ашықтық және жауапкершілік сияқты құндылықтардың маңызы бұрынғыдан…
