Құрылтай сайлауын өткізуге қаржы қайдан бөлінеді — ОСК жауап берді
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізуге бөлінетін қаржы көлемі кейінірек нақтыланатынын айтты. — Құрылтай депутаттарының сайлауын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдардың шоттары арқылы жүзеге асырылады. Бұл заңда көрсетілген. Алайда 2026 жылдың бюджетінде сайлау өткізу шығындары қарастырылмағандықтан, қаражат Үкімет резервінен бөлінеді, — деді Михаил Бортник ОСК отырысында. Оның айтуынша, қазіргі уақытта шығыстар сметасы әзірленіп жатыр, сондықтан нақты соманы атауға әлі ерте. — Жалпы сметаның шамамен 75 пайызы 71 мың сайлау комиссиясы мүшесінің еңбекақысын төлеуге жұмсалады. Бұл көрсеткіш өткен референдум кезіндегі шығындармен шамалас, — деді ОСК мүшесі. Сондай-ақ сайлау бюллетеньдерін, ақпараттық плакаттарды және сайлау учаскелерінде орналастырылатын…
