Мемлекет басшысы: «Өзгенің өмірін сақтау үшін өз басын қатерге тігу – нағыз ерлік»
✔️Бұл ретте Президент ТЖМ қызметкерлері, құтқарушылар әрқашан және әр кезде ел қамын ойлап, азаматтардың қауіпсіздігін күзететінін атап өтті. Сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесін жаңғыртудың кешенді жұмыстары жалғасып, құтқарушыларға жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. Қазіргі жұмыс қарқынын төмендетуге болмайды. Өйткені азаматтардың өмірі мен тұрмысы осыған тікелей байланысты. – Өзгенің өмірін сақтау үшін өз басын қатерге тігу – нағыз ерлік. Қиындыққа тап болған жандар ең алдымен құтқарушылардан көмек күтеді. Бүгінде азаматтық қорғау саласының қызметкерлері өз міндетін мінсіз атқарып келеді. Олар сын сағатта жанқиярлық көрсетуге дайын тұрады. Тіпті, осы жолда құрбан болған ерлеріміз аз емес. Өткен отыз жылда 72 құтқарушы ерлікпен қаза тапты. Біз…
