«Таза Қазақстан» акциясы Ақмола облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға серпін беруде
«Таза Қазақстан» акциясы Ақмола облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға серпін беруде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ақмола облысының Аршалы, Целиноград аудандары мен Қосшы қаласында ауқымды тазалық акциялары ұйымдастырылды. Экологиялық бастамаларға жүздеген ерікті, жастар, қоғамдық ұйым өкілдері мен белсенді тұрғындар қатысып, туған өлкенің тазалығына өз үлестерін қосты. Экологиялық іс-шаралардың негізгі алаңы Аршалы ауданындағы Астана су қоймасы болды. Мұнда 150-ге жуық ерікті жағалау аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Акцияға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов арнайы қатысып, еріктілермен кездесіп, қоршаған ортаны қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жаз мезгілінде өзен-көлдердің жағалауы тұрғындардың сүйікті демалыс орындарының біріне айналады. Алайда кейбір азаматтардың демалыстан кейін тұрмыстық қалдықтарды…
