Ақмола облысында экологиялық бақылау күшейтілді
Өңірде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық заңнаманың сақталуын бақылау және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Жыл басынан бері Экология департаменті жүздеген мемлекеттік қызмет көрсетіп, экологиялық талаптардың орындалуына бақылауды күшейтті. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары – Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы Тұрар Қартамұлы мәлімдеді. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында департамент 411 мемлекеттік қызмет көрсетті. Олардың барлығы электрондық форматта ұсынылды. Қызметтердің қатарында І санаттағы объектілерге экологиялық рұқсат беру, жоспарланып отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша қорытынды шығару, қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру және кешенді экологиялық рұқсаттарды рәсімдеу бар. Есепті кезеңде…
