Жеңіл ақшаның құны: қосымша жұмыс адамды дропперге қалай айналдыруы мүмкін?
«Аудару үшін карта қажет. Бірден төлейміз», «Банк картасын рәсімдеп, деректемелерді беріңіз. Басқа ештеңе істеудің қажеті жоқ», «Тәжірибесіз қашықтан жұмыс. Әрбір аударым үшін – 10%». Мұндай ұсыныстар әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, жұмыс іздеуге арналған чаттар мен хабарландыру сайттарында жиі кездеседі. Бір қарағанда, жұмыс оңай көрінеді: арнайы білім мен тәжірибе қажет емес, ал бірнеше операция үшін жылдам ақша ұсынылады. Алайда мұндай «қосымша жұмыстың» артында дропперлік схема тұруы мүмкін. 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда дропперлік үшін жеке қылмыстық жауапкершілік көзделген. Бұл норма Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабында бекітілген. Жасалған әрекеттің сипаты мен мән-жайларына қарай жаза мүлікті тәркілеумен және жеті жылға дейін бас…
