Астаналық инженер АЭС тиімділігін ғылыми тұрғыда түсіндірді
Алматы ядролық физика институты Астана филиалының инженері Мәлік Қалиекперов атом энергетикасының қажеттілігі мен оны дамытудың ғылыми негіздегі деректерін келтірді. Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда ауаны ластап жатқан парниктік газдың 80 пайызы энергетика секторынан бөлініп отыр. -АЭС – бұл ең алдымен электр энергиясын өндіру көзі. Қазіргі уақытта Қазақстанда электр энергиясының 70%-н көмір стансалары өндіреді, олардың орташа тозуы 70%-дан асады. Бірқатар стансалар алдағы 10 жылда қолданыстан шығарылады. Сонымен қатар, елде электр энергиясын тұтынудың өсуі жыл сайын шамамен 3% - ға артып келеді. Осыған байланысты Үкімет 2035 жылға дейін жаңа қуат көздерін іске қосу Жоспарын бекітті. Жоспарға сәйкес алдағы уақытта елімізде 26,5 ГВт…
