«Жасанды интеллект – жарқын болашақ кепілі»
Қазіргі таңда жасанды интеллект – заман талабына сай қарқынды дамып келе жатқан маңызды технологиялардың бірі. Оның адам өмірінің түрлі салаларына еніп, қоғамның дамуына айтарлықтай ықпал етіп отырғаны белгілі. Осыған орай жастардың қатысуымен «Жасанды интеллект – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында жасанды интеллекттің қазіргі қоғамдағы рөлі, оның білім беру, ғылым, медицина, экономика, өндіріс және басқа да салалардағы мүмкіндіктері кеңінен талқыланды. Қатысушылар жасанды интеллектіні тиімді пайдалану арқылы уақытты үнемдеп, жұмыс өнімділігін арттыруға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға болатынын атап өтті. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – жастарға жасанды интеллекттің маңызын түсіндіру, жаңа технологияларды меңгеруге деген қызығушылығын арттыру және цифрлық…
