Газет

Ләззат Қалтаева: Жаңа Конституция мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғауды күшейтеді

✔️— Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында ҚР Парламенті Сенаты жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңестің төрағасы Ләззат Қалтаева жаңа Конституция жобасы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталғанын мәлімдеді. — Қазақстан Республикасының Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары туралы конвенциядан туындайтын халықаралық міндеттемелері жаңа Конституция қабылданған жағдайда да толық көлемде сақталады, — деді сенатор. ℹ️ @qazaqparat_kz
Подробнее

Нұрлыбек Нәлібаев: Жаңа Конституция жобасын қолдаймыз

– Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бүгінгі отырысында Ата заңның жаңа нұсқасын Қызылорда облысы қалай қабылдап жатқанын айтты. - Жаңа Конституция жобасын қолдаймыз. Себебі, бұл құжат өңірлерді дамытудың шынайы қажеттіліктерін, аймағымыздың экологиялық жағдайы мен тұрақты даму мәселелерін толық қамтиды. Ең негізгісі, адам мен табиғат және мемлекет мүдделері біртұтас жүйе ретінде қарастырылған. Бұл жауапкершілік, тұрақтылық және жарқын болашаққа бағытталған таңдау, - деді әкім. ℹ️ @qazaqparat_kz
Подробнее

Жаңа Конституцияны 30 жыл бұрынғыдай 12 адам емес, 130 адам әзірлеп жатыр – Ерлан Қарин

🔹Мемлекеттік кеңесші «Дамушы елдердің тексерілген, уақыт сынынан өткен Конституциясын неге көшіріп ала салмаймыз?» деген сұрақтың жиі қойылғанын атап өтті. – Біріншіден, Конституция әр елдің өз болмысына сай қалыптасады. Ал мемлекеттердің тарихы, мәдениеті, тілі, саяси жүйесі, бүгіні мен болашағы бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Сондықтан, Германияда, Францияда, Жапонияда немесе АҚШ-та жұмыс істейін нормалар Қазақстанға мүлдем келмейді. Аталған елдер де Конституцияны бір-бірінен көшіріп отырған жоқ қой. Мәдениеті, экономикасы, саяси жүйесі ұқсас мемлекеттердің өзі Конституцияны бір-бірінен көшірмейді. Ендеше мәдениеті, салты, қоғамы бөлек Қазақстан неге көшіруі керек, – деді Е. Қарин елордада Конституциялық сот ғимаратында. 🔹Оның айтуынша, өзге елдерде мәдениетіміз бен құндылықтарымызға мүлдем қайшы нормалар бар.…
Подробнее

Жаңа Конституция жобасы сөз бостандығына кепілдік береді — Аида Балаева

✔️— Ұсынылып отырған нормалар сөз бостандығын шектеуге емес, әр адамның ар-намысын қорғауға бағытталған. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 9-отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті. - Көпшілік тарапынан сөз бостандығына қатысты мәселеге айрықша мән беріліп отыр. Азаматтар Конституциядағы тұжырымдардың айқын әрі екіұшты түсіндіруге жол бермейтіндей болуын күтеді. Жаңа Конституция жобасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, сөз бостандығына кепілдік береді. Ұсынылып отырған нормалар сөз бостандығын шектеуге емес, әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін, жеке өміріне қол сұқпауын қорғауға бағытталған. Бұл халықаралық құқық талаптарға толық сәйкес келеді, - деді А. Балаева. ℹ️ @qazaqparat_kz
Подробнее

Теңге мәртебесі конституциялық тұрғыда бекітіледі — Конституциялық комиссия

Теңге мәртебесі конституциялық тұрғыда бекітіледі. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 9-отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты. — Өткен отырыста әріптестеріміз бірнеше ұсыныс енгізді. Олар өте маңызды және көптеген елде конституциялық құқықтық реттеудің нысанасына жатады. Осыған байланысты жобада аталған жаңалықтарды бекітетін нормалар қосымша қарастырылып отыр. Мысалы, теңгені ұлттық валюта ретінде конституциялық тұрғыда бекіту туралы ұсынысты іске асыру мақсатында 2-бап 6-тармақпен толықтырылды. Аталған тармаққа сәйкес, «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы, ақша бірлігі — теңге. Теңгені эмиссиялаудың айырықша құқығы Қазақстан Республикасына тиесілі, — деді ол. ℹ️ @qazaqparat_kz
Подробнее

Жаңа Конституция жобасында дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылған – Конституциялық комиссия

Конституцияда некенің ер адам мен әйел адамның ерікті таңдауы мен тең құқығына негізделген одақ екендігі анық көрсетілген. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті. - Жаңа Конституция жобасында дін мен мемлекеттің ара-жігі нақты ажыратылып, білім беру мен тәрбие жүйесінің зайырлы сипаты айқындалған. Білімнің зайырлы болуы көпконфессиялы қоғам үшін жас ұрпақтың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ Конституцияда некенің ер адам мен әйел адамның ерікті таңдауы мен тең құқығына негізделген одақ екендігі анық көрсетілген. Бұл тұжырым қоғамдағы отбасы институтының маңызын көрсетеді. Сондықтан…
Подробнее

Аида Балаева ешкім медициналық көмек пен білім алу құқығынан айырылмайтынын атап өтті

— Мына нәрсені айқын түсінуіміз керек: «тегін» деген ұғым құқықтық тұрғыдан нақтырақ — «азаматтар ақы төлемей, заңда белгiленген тәртіппен медициналық көмек алуға құқылы» деген тұжырымдамамен алмасты. Азаматтардың ақысыз негізде көмек алуына мемлекет кепілдік береді. Расында, аталған қызметтер ешқашан өздігінен тегін болған жоқ, олар әрдайым мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып келді. Осыған байланысты айтылып жүрген кез келген пайымның ешқандай негізі жоқ. Мемлекеттік бюджеттің 40 пайызға жуығы әлеуметтік салаға бағытталғанын да өздеріңіз жақсы білесіздер. Осы орайда, құжаттың 32 және 33-баптарында азаматтарымыз үшін ақысыз негізде медициналық көмек пен бастауыш және орта білім алу құқықтарының бекітілуі — шын мәнінде жоғарыда аталған адами капиталды дамытудың негізі…
Подробнее

Азаматтардың ақысыз негізде көмек алуына мемлекет кепілдік береді — Аида Балаева

  Азаматтардың ақысыз негізде көмек алуына мемлекет кепілдік береді — Аида Балаева 💼— Мемлекеттік бюджеттің 40 пайызға жуығы әлеуметтік салаға бағытталған. Бұл туралы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның сегізінші отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлім етті. — Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси реформаларының арқасында әділетті әрі ашық қоғам қалыптасты деуге толық негіз бар. Расында, азаматтардың Ата Заңның әрбір жолына үңіліп, оның мазмұны мен болашақтағы ықпалын терең пайымдауы — қоғамның саяси мәдениетінің кемелденгенін және азаматтық жауапкершіліктің артқанын аңғартады. Бұл мәселеде қолдау да, үміт те бар. Әрине, алаңдаушылық пен сын да жоқ емес.…
Подробнее

Азаматтардың кейбір ұсыныстарын Конституция жобасына қосуға болады

▪️Азаматтардың кейбір ұсыныстарын Конституция жобасына қосуға болады — Бақыт Нұрмұханов ✔️— Конституция жобасының мемлекеттік тілдегі мәтіні бойынша атқарылып жатқан жұмыс оның орыс тіліндегі мәтініне елеулі және оң ықпал етіп отыр. Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның 9-отырысында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты. — Жаңа Конституция жобасы жарияланған сәттен бастап Конституциялық комиссияға түрлі арналар арқылы 4 мыңнан астам ұсыныс келіп түсті. Азаматтар, ғылыми қауымдастық өкілдері, құқықтанушылар мен үкіметтік емес ұйымдар конституциялық ережелерге айрықша көңіл бөліп отыр. Олар болашақ Конституция жобасына бүкілхалықтық талқылау аясында жоғары белсенділік танытып отыр. Конституциялық комиссия әрбір ұсынысты, пікір мен ескертуді мұқият зерделеуде. Талдау нәтижелері көрсеткендей,…
Подробнее

«Волонтерлік» ұғымын Конституцияда бекітуді ұсынылды

Волонтерлікті ынталандыруды конституциялық деңгейде бекітуді ұсынды Қазақстандық волонтерлік қозғалыс мүшелері жаңа Конституцияда мәртебелерін бекітуді ұсынды Еріктілер жаңа Конституцияға ұсыныс жасады:  Табиғатты қорғау – стратегиялық бағыт Жаңа Конституцияға волонтерлік пен экологиялық мәдениет ұғымдарын енгізуді ұсынды Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБжетекшісі Вера Ким Қазақстанда конституциялық деңгейде волонтерлікті ынталандыруды бекіту қажет деген бастама көтерді. ​Вера Ким Мемлекет басшысының еріктілерқозғалысына тұрақты түрде қолдау көрсететінін еске салды. Ағымдағы жылдың 30 қаңтарындаауқымды көлемде өткен Еріктілер форумы осының жарқын дәлелі болды. «Жаңа Конституция жобасына ұсыныстаржинау жарияланған сәттен бастап мағанволонтерлік ұйымдар…
Подробнее