«Кешенді жоспар бойынша әрекет ету қажет»: Ақмола облысында су тасқынына қарсы дайындық басталды
Биыл өңір басшылығы су тасқынына дайындықты ерте бастау туралы шешім қабылдады. Қыс мезгілі әлі аяқталмаса да, тәулік бойы осал аймақтарды қорғау жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Әсіресе, үш аудан арқылы өтетін Жабай өзенінің арнасын кеңейтуге ерекше көңіл бөлінуде. Ақмола облысының әкімі барлық өңірлерде кешенді жұмыстар жүргізілуі қажет екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Балкашино ауылында Жабай өзенінің арнасын кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл шаралар көктемгі су тасқыны кезінде Атбасардағы су басу қаупін азайтуға көмектеседі. Өзеннің жағалауы қамыс пен ағаш өсімдіктерінен тазартылып, арнасы 35 метрге дейін кеңейтіліп, тереңдігі 3 метрге дейін ұлғайтылуда. «Біз судың ағысын жылдамдатып, өзеннің арнасынан асып төгілуіне жол бермейміз. Ең…
