Креативті хабтар, қор және «e-Creative» платформасы: Қазақстанда креативті экономика қалай дамуда?
«Креативті индустрия экономикамызды өркендетуге тың серпін беретініне сенемін», – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Креативті индустрияны дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі және бұл сала Мемлекет басшысының ерекше назарында. Экономиканың бұл стратегиялық маңызды секторы 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына енгізілген. Негізгі мақсат – саланы қолдауға арналған заңнамалық және институционалдық шараларға, инфрақұрылымды дамытуға, қазақстандық креативті өнімдердің импортын арттыруға бағытталған. Биыл Мемлекет басшысы «Креативті индустрияларды дамыту туралы» Заңға қол қойды. Бұл құжат креативті саланы дамыту бойынша уәкілетті мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдардың құзыретін арттыруды қарастырады. Оның мақсаты – креативті индустрия өкілдерінің дамуына жағдай жасау. Креативті экономиканы дамыту мақсатында Қазақстан…
