Аида Балаева: Конституцияға қатысты фейктер тарап, тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттер жасалуда
Біз бүгінде еліміздің алдағы даму бағыты айқындалатын тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Жаңа Конституция жобасын талқылау – мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі аса маңызды оқиғаға айналды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева фейсбукте жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Өкінішке қарай, кейбір әлеуметттік желі қолданушылары жағдайды теріс мақсатта пайдаланып, еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерге баруда. Арандатушылар негізсіз ақпарат таратып, жалған парақшалар мен аккаунттар ашқан (мысалы, Мұхтар Шахановтың, Шавкат Рахмоновтың және өзге де тұлғалардың атынан ашылған фейк-аккаунттар арқылы тіл, жерді сату секілді мәселелер бойынша арандатушылық ақпарат пен үндеулер жариялануда), - дейді Аида Балаева. Оның айтуынша, елде ірі…
