Референдумға дайындық пысықталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында атом электр станциясын салуға қатысты халық таңдауын жасауы үшін референдум өткізуді тапсырған болатын. АЭС салу туралы ел ішінде түрлі пікірлер мен сұрақтар көп. Осыған орай, референдумнан бұрын жұртшылықтың пікірін тыңдап, сұрақтарына дәлелді жауап беріліп, АЭС салудың артықшылықтары мен залалсыздығын түсіндіру үшін қыркүйек айының 9 жұлдызында Ақмола облысының аумақтық референдум комиссиясының мүшелері мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының әдіскерлерімен аудандық АРК және УРК мүшелеріне әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету және оқыту жүргізу үшін ауданымызға келіп, семинар-кеңес өткізді. Отырысқа аумақтық референдум комиссияларының төрағалары, олардың орынбасарлары мен хатшылары, БАҚ өкілдері қатысты.…
