Тағылымды жолдың тамыры терең
Ұлтым – басқа, тілім – қазақ Өркен ауылына жолымыз түскенде, бірлігі мен берекесі жарасқан, ұрпағына қазақтың рухынсіңіріп келе жатқан бір өнегелі отбасыментаныстық. Бұл ата-бабасы тарихи сынақтардансүрінбей өтіп, қазақ жерінде тамырын терең жайғаннеміс ұлтының өкілі Андрей мен оның зайыбыРимма Штирдің әулеті. Осы ауылда бірлік пен татулықтың жарқын үлгісіболып отырған Штир әулетінің отағасы Андрей Адамұлы Солтүстік Қазақстан облысының Баянауылдеген ауылында дүниеге келген. Әке-шешесі кеңестіксаясаттың ұрда-жық сықпытымен сұрапыл соғысжылдары Қазақстанға депортацияланған. Қонысаударған жерінде отбасын құрып, келе-келе 11 бала өсіріп, қазақ топырағына тұрақтаған. Көп балалы әулетте өсіп-өнген, әрі еңбекпен көгергената-анасының тәлімді тәрбиесін бойына сіңіргенАндрей 1989 жылы татар қызы Риммамен отау құрып, бас қосады. Өзі…
