Ақмола облысында нарыққа бақылау күшейтілді: 300-ден астам тексеріс жүргізілді
Ақмола облысында өнім сапасы мен өлшеу құралдарының дұрыстығын қадағалау жұмыстары күшейтілді. Өткен жылғы тексерулердің қорытындысын брифинг барысында Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департамент басшысы Ербол Оспанов мәлімдеді. Жыл басынан бері өңірде 300-ден астам кәсіпкерлік нысан тексерілген. Тексеру барысында көптеген заңбұзушылықтар анықталған. Бақылау жұмыстары сауда орындарын, білім беру ұйымдарын, жанармай құю бекеттерін, сұйытылған газ сататын нүктелерді және басқа да маңызды салаларды қамтыды. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті шаралар қабылданып, кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әсіресе өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына ерекше көңіл бөлінді. Бақылау кезінде кейбір тауарлардың техникалық талаптарға сай келмейтіні белгілі болды. Осыған байланысты шектеу шаралары қолданылды.…
