Ақмола облысында кәсіпкерлер үшін жаңа салық режимдері іске қосылды
Жылдың басынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енді. Оған сәйкес, кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар үшін үш арнайы салық режимі енгізілді. Олар өз бетінше табыс табатындарға, қарапайым декларация негізінде табыс есептейтіндерге және фермерлік немесе шаруа қожалықтарына арналған. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Назгүл Аюпова. Спикердің айтуынша, жаңа жүйе кәсіпкерлерге салық есептілігін жеңілдетіп, әкімшілік жүктемені азайтатын болады. «Жеке кәсіпкерлер енді өз табыстарын мобильді қосымшалар арқылы тіркеп, әлеуметтік төлемдерді 4% мөлшерінде төлей алады. Бұл жүйе ашықтық пен ыңғайлылыққа бағытталған»,-деді басқарма басшысы. Өз бетінше табыс табатындар үшін арнайы режимге тек жеке тұлғалар, табысы 1,3 миллион теңгеден…
